Жастар [бей] конференциясы

Серік Бейсембаев: Егер сіздер жастардан белсенділік күтсеңіздер, неліктен жастардың белсенділігіне шектеу қоюға тырысасыздар?

31.10.2017

21-22 қазанда Ақтөбе қаласында ZhasCamp конференциясы өтті. Бағдарлама спикері Серік Бейсембаев, Дүниежүзілік экономика және саясат институтының ішкі саяси және әлеуметтік зерттеулер бағдарламасының жетекшісі, PaperLab (Астана) зерттеу тобының негізін қалаушы өз оқиғаларымен бөлісті және қазіргі Қазақстан жастарының болашағын қалай көріп жатқанын айтып берді.

— Сіздің ойыңызша, жастардың негізгі мәселелері қандай?

— Социолог ретінде айтсам, жастарды ең бірінші толғандыратын мәселе – біз «Өзіңізді толғандыратын бес мәселе» деген сұрақ қоямыз, соның 25-ке жуық варианттары бар, алғашқы бестік – ол жұмыссыздық, жоғарғы білім алудың қымбаттығы, үй мәселесі, бос уақытын өткізу, қымбатшылық мәселесі. Яғни халықтың жасы үлкен тобымен салыстыратын болсақ, ондағы негізгі айырмашылық – жастарды білім алу мне үй мәселесі көбірек толғандырады, бұл жас ерекшелігіне байланысты. Мектеп бітірген соң жоғарғы білім алуды ойдайды, оның қиындықтарымен кезігеді, екіншіден, ЖОО бітірген жастар алдынан үй мәселесі шығады. Бұл тікелей өмірлік циклдың ерекшелігіне байланысты. Бұл осы зерттеудің нәтижесі ғана, ал былай қала, ауылға байланысты мәселелер болады, әр жас категориясының өз проблемалары болады.

— Батыс Қазақстан жастарының ерекшеліктері қандай?

— Енді бұл жерде мен зерттеу шеңберінде емес, түрлі стереотиптермен сөйлеп кетуім мүмкін. Менің ойымша біздің нақты бір батыстық ерекшелік деп айту қиын, өйткені бірінші әртүрлі аймақтардан келген жастармен жеке жұмыс істейтіндей мүмкіндік болған жоқ. Зерттеуші ретінде ештеңе айта алмаймын.

Ал өзімнің алған әсірімді айтар болсам, олар оңтүстік жастарына қарағанда тік мінезді, ашық мінезді және ойын тік айта алатын болып көрінді, сонымен қатар жанжалға да тез баратын сияқты. Бірақ жалпы Қазақстанның барлық аймақтары өте ұқсас, бір аймақтың жастары ерекше деп айту қиын.

— Сіздің ойыңызша, экстремизм мәселесі, жастар ұйымының рөлі жастарды қаншалықты қызықтырады?

— Бізде жастар ұйымдары көп, бірақ, өкінішке орай, дәл осы экстремизм мәселесімен айналысып жүрген ұйымдарды мен өзім білмеймін. Жастар ұйымдары әлеуметтіке, экология, түрлі белсенділіктер, қазіргі жаңа технологияларға байланысты идеяларға байланысты қызығушылықтар көбірек сияқты. Ал осы экстремизм мәселелері спецификасы бар мәселе болғандықтан онымен жұмыс жасау үшін белгілі бір білім қажет, белгілі бір орта қалыптастыру қажет, оның үстіне экстремизм мәселесі толықтай мемлекет ықпалында, арнайы мемлекеттік органдар бар, бұған жастардың қол жетімділігі де жоқ шығар. Бірақ арнайы бір мамандық, білімсіз бұл мәселені жастар өздері талқылау арқылы, түрлі пікірсайыс арқылы, жаңа коммуникациялық құралдарды қолдану арқылы өзінің позициясын жеткізудің өзі көп көмек болар еді. Қазір мен өзім бір жаобаға қатысып жатырмын, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан бойынша үш елде экстремизм мәселесі жастар көзімен, яғни біз жастарға арнайы роликтер көрсетеміз, соны жастар талқылайды және солардың талқылауы арқылы деректі фильм түсіріледі, бұл халықаралық жоба, бізге осындай жұмыстар жетіспейді меніңше. Осы мәселені жастар қалай қабылдайды, қалай көреді. Сондықтан да әлі де белсенділік керек.

— Қазіргі кезде жастар өзгерістер жасай алады деген үмітті ақтап жатыр ма?

— Бізде жалпы қалыптасқан пікір – жастарда белсенділік аз, олар жауапкершілік алмайды, айтқан нәрсені ғана орындайды деген сияқты жастарға сыни пікір көп тараған. Әсірсе үлкендер тарапынан көп айтылады. Жастар саясаты төңірегінде жүрген жастар да соны көп айталды. Ал өз басым – оларға сұрақ қоямын «Егерде сіздер жастардан белсенділік күтетін болсаңыздар, неліктен сіздер жастарды контроль жасауға, олардың белсенділігіне белгілі бір шектеу қоюға тырысасыздар?» Білім беру институттарын қараңыз, арнайы жастармен жұмыс жасайтын мемлекеттік органдарды қараңыз, барлығының әрекеті – жастардың белсенділігін бір бағытқа бұрып қою. Осындай бақылау бола тұра, біз олардан қандай белсенділік күтеміз? Олар барлық нәрсеге үлкендердің көзімен қарауға үйренеді де, өздері тек орындаушы ретінде ғана, өздері инициятива таныта алмайды, белсенділігін көрсетуге деген сенім жоқ. Бірақ та бұл өзгеріп жатыр, менің ойымша, қалада туып өскен жаңа толқын қазақ тілін білетін және әлемдік ақпараттық кеңістікте ағылшын тілін, басқа тілдерді білетін жастардың дүниетанымы мүлдем бөлек, белсенділігі де мүлдем бқлек. Өзгерісті тек қана жастарға әкеп тіреп қою дұрыс емес, жастар қоғамның ажырамас бір бөлігі, дұрыс жаққа даму үші біз бәріміз өзгеруіміз керек.

— Қазақстандық жастар көшбасшы ма, әлде атқарушы ма?

— Бұл жерде бөлу қте қиын, жастар өте үлкен әлеуметтік топ, олардың ішінде лидерлері де, лидер еместері де бар, бірақ, менің ойымша, қазір технологиялық революция болғандықтан, ақпараттың қолжетімділігінің артуы, бұның бәрі біртіндеп жастардың өзіне деген сенімділігін арттырады, мемлекеттік институттарға деген тәуелділіктен айрылтады. Мысалы, бұрын ақпарат көзі теледидар болатын, ал қазір ақпарат көзі өте көп, жастарды белгілі бір ақпаратты ал деп мәжбүрлей алмайсың, олар өздері таңдай алады. Ал өз таңдау болғаннан кейін ол қандай ақпаратты алатынын білу өте қиын, ол бәсекеге алып келеді, ал бәсеке деген ол әрқашан дамудың негізгі өзегі, фундаменті. Сондықтан қоғамның өзгеруін байқайтын болсақ, лидерлік потенциалын дамытуға көп жол ашады.

— Сіз білесіз бе, біздің жастардың кумирі немесе көшбасшысы бар ма?

— Бұл жерде белгілі бір адамды атап айта алмаймын, бәрі тенденция ретінде қарайтын болсақ, ақпараттық технологиялық өзгерістерге байланысты, мәдени талғам, біреуге еліктеу бәрі іріктеліп датыр. Біздің кезімізде бес алты адамды атақты, жастар арасында танымал деп айтуға болатын еді, ал қазір олай айта алмайсыз. Қазір еліктеушілік аз да, маған ұнайды деген көбірек. Бұл да жаңа заман белгісі. Сонымен қатар қазіргі Ninety one феномені де өте қызықты: біреуге қатты ұнайды, біреулерге мүлдем ұнамайды. Яғни қоғам оларды қаншалықты жаман қылып көрсеткісі келсе де, бұл өздерінің таңдауы. Бұл да жастардың жақсы белгісі.

— ZhasCamp туралы не ойлайсыз?

— ZhasCamp деген өте керемет жоба, өзімді екінші рет осында спикер ретінде шақырып отыр, оған үлкен рахмет. Өз басым бұл алаң жаңа заман жастарының дауысы бола алатын алаң деп ойлаймын. Әр қалады өтуі және түрлі форматта өтуі қазіргі жаңа идеялардың алмасуына мүмкіндік беретін нәрсе, және оның негізгі функциясы, философиясы – идея алмасу, коммуникация құрастыру, бұл жағынан алған кезде бұл жоба Қазақстан үшін үлкен рөл атқарады. Сондықтан тек қана сәттәлік тілеймін және бұның ауқымы кең тарай беруін тілеймін.

— Жастарға айтар тілектеріңіз.

— Жастарға қазіргі уақытта тілек айтудың өзі қажет емес, қазір ағаның ініге қалдырар өсиеті деген жұмыс істемейді. Қазіргі жастардың дүниетанымы мүлдем бөлек, сондықтан да мен жастардың мейлінше еркін болғанын қалар едім, өз таңдауын, өз құқығын білуін және open-minded болғанын қалар едім.

Благодарим за поддержку

Генеральные партнеры

Фонд Cорос-Казахстан
OSCE
Фонд им. Фридриха Эберта

Партнеры

Фонд развития парламентаризма в Казахстане
Ищу Тебя Уральск

Основные партнеры: Места проведения

Северо-Казахстанская областная универсальная научная библиотека им. Сабита Муканова
Евразийский Технологический Университет
Западно-Казахстанский государственный университет им. М. Утемисова,
Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева
Культурное пространство ТРАНСФОРМА

Медиа-партнеры

Мультимедийный информационно-аналитический портал Informburo.kz
Областная ежедневная газета "Обозрение недели"
Газета "Уральская неделя"
Сайт «Мой ГОРОД
18+Идея

Молодежные организации

Cоюз молодежи Казахстана "YOUTH CHALLENGE"
Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева
Молодёжный ресурсный центр Житикаринского района
МОО "True Equality"
Общественный Фонд "Еркіндік қанаты"
Общественный фонд "Civi"
Социально-волонтерский центр
МОО "Союз молодых лидеров"
Общественное объединение "Женский луч"
Общественный фонд «Молодёжный волонтёрский дом «Открытый мир»
Общественный фонд ЗКО «Аялаган алакан»
Жасыл Ел Северо-Казахстанской области
Ищу Тебя Уральск